Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

АСТАНА. KAZINFORM – 17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Ердоған
Фото: Ақорда

- Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған, - деп мәлімдеді Ақорда.

Айта кетейік, Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Бұған дейін төрт мемлекеттің елшісі Президентке сенім грамоталарын тапсырды.