Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Тоқаев
Фото: ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды және Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Өз сөзінде Президент Қазақстан БҰҰ Жарғысы негізінде соғыс қимылдарын дереу тоқтатуды және бейбіт келіссөздерді жақтайтынын атап өтті.

«Бүгін құрметті канцлер мырзаға жағдайдың шын мәнінде өте күрделі екенін айттым, Ресей жағы да, Украина тарапы да келіссөздерге дайын екенін жеткізді. Бірақ келіссөз алаңы әлі анықталмады. Осы жөнінде де келіссөздер енгізуге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ресей Қазақстанға аумақтық тұрғыда талап қояды деген еш алаңдаушылық жоғын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар