Кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалғаны жалған болып шықты

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше тал түсте Көкшетау қаласындағы орталық базарға барар жолда кәсіпкерге белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасап, оның үш миллион 400 мың теңгесін алып кеткендігі туралы айтқан шағымы жалған болып шықты.
None
None

Осындай жолмен кәсіпкер өзінің қылмысын жасырмақ болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Ал оның құқық қорғаушыларға айтқан әңгімесі қылмыстық оқиғаға толы киноға ұқсас болып шыққан. Қаланың ортасында, елдің көзінше «Мерседес» жеңіл көлігіне мылтықтан оқ жаудырылып, сөмке толы ақша ұрланып кеткен. Бірақ облыстық ішкі істер басқармасының кәнігі тергеушілері оқиғаның анық-қанығын тәулік ішінде анықтап берді. «Август-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры С. деген азаматтың өзі басшылық жасайтын кәсіпорынға осынша ақша қарыз екендігі дәлелденді. Бас бухгалтермен келісіп «қарулы шабуылды» ұйымдастырып, қылмысын жасыруға тырысқан. Тайлы- тұяғымен тік тұрған полицейлер еңбегінің қорытындысы осылай болып шыққан. «Жәбір» көрген кәсіпкер өзінің теріс әрекетін мойындап ақпарат берді.

Соңғы жаңалықтар