13:04, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Кәсіпкерлер ұн тарту комбинатын іске қосты
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қаскелең қаласында «Вега-А» ЖШС-і жаңа ұн тарту комбинатын іске қосты.

Комбинат құрылысының бастамашысы жергілікті кәсіпкерлер Владимир және Ирина Хромовтар болды. Комбинат құрылысы 23,5 миллион теңге мөлшеріндегі банктік қарыз ақша алудың және өз қаражатын салудың арқасында іске асты.
Таяу уақыттары «Вега-А» ЖШС-і иелері шағын наубайхана ашуды көздеп отыр. Оның жабдықтары Қытайдан әкелінбекші. Жабдықтардың құны 7 миллион теңге шамасында тұрады.