Кәсіпкерлердің «Атамекенге» шағымдануы артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 168 кәсіпкер шағымданды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңесінің 4-ші отырысында палатаға қарасты Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті қамту департаментінің директоры Айгүл Қоңыртаева мәлім етті.
None
None

«Соңғы уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түсетін арыз-шағымдар санының көбейіп келе жатқандығы байқалады. 2015 жылдың 1 тоқсанының өзінде 168 шағым келіп түсті», - деді ол. Оның атап өтуінше, түскен шағымдардың 59-ы «Самұрық-Қазына» қорына, 37-сі мемлекеттік сатып алуларға, 18-і жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты болып отыр. Осыған орай кәсіпкерлер палатасы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі компаниялар тобының сатып алуларына қатысты тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру қажет деп есептеуде. Сонымен қатар палата қордың еншілес компанияларының бірінші басшылары мен сатып алуға қатысатын басқа да тұлғаларға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдау қажет деп санайды. «Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау масқатында «Самұрық-Қазына» қорына тендерлік құжаттар бекітілгенге дейінгі 10 жұмыс күнінің ішінде орналастыру мәселесін қарастыратын сатып алулар ережесіне өзгерту енгізуді ұсынамыз», - деді А.Қоңыртаева.

Соңғы жаңалықтар