Кәсіпкерлердің көбі төрелік соттың барлығынан хабарсыз ? Орталық Азиядағы корпоративтік басқару институтының директоры

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кәсіпкерлер көп жағдайда төрелік соттың барлығынан хабарсыз. Орталық Азиядағы корпоративтік басқару институтының директоры Нұрлан Сәрсенов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздің басты мақсатымыз ? сіздердің көмектеріңізбен кәсіпкерлер қауымының назарын төрелік соттарға аудару. Өйткені, экономикалық дағдарыс кезінде кәсіпкерлік қызметте түрлі дау-дамайлар көбейеді. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің өз дауларын жалпы соттарға, мемлекеттік соттарға бағындырмай арбитраждық төрелік соттарға бағындырғаны өте тиімді және ұтымды», - дейді Нұрлан Ғазизұлы. Орталық Азиядағы корпоративтік басқару институты директорының айтуынша, жалпы мемлекеттік сотармен салыстырғанда арбитраждық сотта қаралатын даудың мерзімі өте қысқа болады. Мемлекеттік соттармен салыстырғанда арбитраждық соттардың екінші, үшінші инстанциялары жоқ. Іс бір жерде бір рет қаралып шешім шығарылады. Бұл шешімді орындауға ұтылған жақ міндетті. «Мемлекеттік соттарда бір рет қаралған соң дау екінші инстанцияға баруы мүмкін. Одан соттың бірінші сатысына қайтып келіп, істі қарау 2-3 жылға созылады. Дауды қарау ұзаққа созылған сайын оның шығындары да көбейе береді. Өкінішке қарай, шағын және орта бизнес өкілдері көп жағдайда арбитражды соттың бар екенін білмейді», - дейді Н. Сәрсенов.
Соңғы жаңалықтар