Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге берген өтінімдері ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген қаражат көлемінен асып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге берген өтінімдері ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген қаражат көлемінен асып түсті.
None
None

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға бағытталған Ұлтық қордан бөлінген үш транштың қаржысының қаншалықты игерілгендігі туралы аралық қорытынды шығарды.

Олардың мәлімдеуінше, Ұлттық қордан 2014 жылы сәуірде бөлінген 100 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш қаржысы толығымен игерілді.

Одан кейін 2014 жылдың желтоқсанында кәсіпкерлерге берілген екінші транштың 70 пайызы игерілді. «Даму» Қорына 2014 жылы желтоқсанда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпкерлері үшін бөлінген 50 млрд. теңгенің 47 113 млн. теңгесі 250 жобаны қаржыландыруға жұмсалмақ.

«Оның 34 780 млн.теңге сомасына 201 жоба қаржыландырылды. Осылайша, қаражаттың 70 пайызы (69,6 пайыз) игерілді. Бұған қоса мақұлданған жобаларды есепке алса қаражатты игеру 94,2 пайызды құрамақ. Қазір 34,1 млрд.теңге сомасындағы 157 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында», делінген хабарламада.

«Даму» Қорына 2015 жылы наурызда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпкерлері үшін 50 млрд. теңге көлемінде үшінші транш бөлінген болатын. Бүгінде жалпы құны 23 615 млн. теңге болатын 130 жоба мақұлданды. Оның 7 529 млн.теңге сомасына 72 жоба қаржыландырылды. Осылайша 15,1 пайыз қаржы толықтай игерілді. Бұған қоса мақұлданған жобаларды игеру 50 пайызға жуықтамақ. Қазір 35 млрд.теңге сомасындағы 128 жоба екінші деңгейлі банктер қарауында. Үшінші кезеңде құрылыс материалдарын өндіру саласы көш бастап тұр. Мұнда 2 012 млн.теңге сомасына 21 жоба қаржыландырылды. Онан әрі тамақ өнеркәсібі бойынша жалпы құны 1 983 млн.теңге болатын 18 жоба және химиялық өнеркәсібі бойынша жалпы құны 1 288 млн.теңге болатын 6 жоба қарастырылып жатыр. Аймақтық көрсеткіштер бойынша игерілген жобалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерінің еншісінде (1 512 млн.теңге сомаға 7 жоба). Қарағанды облысында құны 1 229 млн.теңге болатын 4 жоба, Алматы облысында құны 879 млн.теңге болатын 5 жоба, Ақтөбе облысында құны 872 млн.теңге болатын 7 жоба және Алматы қаласында құны 698 млн.теңге болатын 7 жоба мақұлданды. Қызылорда облысында жобаларды қаржыландыру мүлдем жоқ.

Соңғы жаңалықтар