Кәсіпкерлерге тауар бағасын негізсіз көтерудің жауапкершілігі түсіндірілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Аймақтағы азық-түлік және өзге де тауарлардың бағасын тұрақтандыру, тауарлы базарларда негізсіз бағаның көтерілуіне жол бермеу - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіндегі жеке кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдеріне арналған брифингтегі негізгі тақырыпқа айналды.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жауапкершілік қарастырылған монополияға қарсы заңнама нормасына сұранысқа ие және өндіру мен сату мүмкіндігі бар тауарды өндіру және оны сатуға шектеу қою, айналымнан тауарды алу арқылы нарықта жасанды тапшылықты орнату, бағаны негізсіз өсіру кіреді», - деді департамент басшысы Мүсілім Қасымов.

Ол ҚР ӘҚК 159 бабында айналымның 3%-дан 5%-ға дейінгі айыппұл салу және барлық мүлікті тәркілеу қарастырылғанын еске салды.

Шараларды қабылдау үшін департаментте тауарлардың бағасын өсіру бойынша жеке және заңды тұлғаларға арналған сенім телефондары құрылды.

«Қазіргі уақытта аймақтағы азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты», - деді М. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар