Кәсіпкерлік жөніндегі сараптамалық кеңес құрамына енетін бірлестіктер аккредиттеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субьектілер бірлестіктерін аккредиттеу басталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Сараптамалық кеңестің жұмысына қатысатын, акредиттелген бизнес қауымдастық өкілдерінің бірлестіктері жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жасау құқығына ие болады.
Сараптамалық кеңес жұмысына жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері қатыса алады.
Еске сала кетейік, жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес орталық мемлекеттік, өкілді және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылады. Олар кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, халықаралық шарттар жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптамалық қорытындыларды ала алады. Бұдан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.
Тұтастай алғанда кеңес бизнестің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Соңғы жаңалықтар