Кәсіпкерлікті дамытуда кеден қызметі тарапынан кедергілер туындап отыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – Кәсіпкерлікті дамытуда кеден қызметінде кедергілер бар. Бұл жайлы бүгін Алматыда «Бәсекелестік туралы» жаңа заңды түсіндіруге арналған семинар кеңесте айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазіргі таңда сырттан әкелінетін құрал-жабдықтар, бөлшектер мен Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттың кедендік алымы жоғары, ал дайын өнімнің кедендік алымы төмен. Тең жағдай жасалмағандықтан бұл отандық тауар өндірушілерге өз әсерін тигізуде. Бізде қазір отандық өндірісті дамытуды қолдаудың орнына оның айналым қаржысын жинап алып, тежеп отырмыз», - дейді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Серік Тұржанов. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев та азық-түлік өнімдерінде отандық өндірісшілердің мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғанын, ал бұл мәселе «Кеден кодексінің» жаңа жобасында ескерілетіне үміт артатын жеткізді. Оның пайымдауынша, дәл қазіргідей дағдарыс жағдайында мемлекеттің отандық өндірісті кеден саясаты арқылы қолдауға мүмкіндігі бар. Бұл тетік әзірге өз деңгейінде жүзеге асырылмай отыр.
Соңғы жаңалықтар