Кәсіпқой боксшы кәсіпкерлікпен айналыспақшы - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 30 маусым, бейсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің хабарлауынша, Парламенттің жоғары палатасы сесияны қорытындылады. «Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен палатаның жалпы отырысы болды» деп жазады басылым. Отырыс соңында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның VI шақырылымы I сес-сиясының жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, палатаның заң шығармашылық жұмысы нәтижелі болған, Елбасының стратегиялық реформаларын және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруға қажетті заңдар дер кезінде қабылданған. «Мәжілістің жаңа құрамы жасақталған уақыт ішінде Сенат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті 57 заң жобасын қабылдап, Парламенттің заң қабылдау жөнiндегi функциясын ойдағыдай орындап шыққан. Жалпы алғанда, жылдың басынан бері Парламент 73 заң қабылданыпты. Сенат депутаттарының бастамашылығымен Еуразиялық экономикалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру мәселелеріне арналған маңызды парламенттік тыңдау өткізіліпті.«Дүниежүзі парламенттері мен дін лидерлері өкілдерінің, сондай-ақ, саясаткерлердің қатысуымен терроризмнің алдын алудағы діндердің рөліне арналған халықаралық конференцияны ойдағыдай өткіздік. Әлемнің 41 елінен келген 200-ден астам делегат терроризм мен экстремизмді үзілді-кесілді айыптап, әлемдік қоғамдастықты жаһандық індетке қарсы күрес жолында күш біріктіруге шақырған мәлімдеме жасады»,  деп атап өтті Қ.Тоқаев. Бұл туралы толығырақ «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санындағы «Сенат осы сессиядағы жұмысын қорытындылалды» атты мақаладан оқи аласыздар.

Сондай-ақ, бас басылымның хабарлауынша, кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA, IBF, IBO және WBC тұжы¬рымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіпкерлікте өзін сынап көрмекші екен. «Былғары қолғап шебері инвестиция салып, Қарағанды қала-сында көмір байытатын кәсіпорын ашқалы жатыр. Бұл жобаның іске асуына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен жергілікті кәсіпкерлер де атсалысады деген ақпар бар» деп хабарлайды басылым. Әзірге белгілісі, әлем чемпионы ашатын кәсіпорын 150 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бұл туралы толығырақ  «Кәсіпқой боксшы кәсіпкерлікпен айналыспақшы» атты мақаладан оқи аласыздар.

***

«Айқын» республикалық газеті өсімдіктанушы, «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзөл Құлжабаевамен өткізген сұхбатты ұсынып отыр.  «Айқынның» хабарлауынша, белгілі өсімдіктанушы, «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаева жаңа іс бастап кетіпті. Гөзел апай Қазақстанда агротуризмді дамытатын сәт туды деп есептейді. Өзі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тәшкенсаз ауылдық округының аумағынан 40 гектарға жуық жер алып, түрлі жемістер мен дақылдар, жидектер егіп, оазис жасауға белсене кіріскен екен. Бұл туралы толығырақ «Ауыл шаруашылығының болашағы  шағын шаруашылықта» атты сұхбаттан оқи аласыздар.

***

«Экспресс  К» басылымының хабарлауынша, Семей қаласында құлықсыз мердігерлердің кесірінен бірнеге жылдан бері ядролық медицина орталығының құрылысы аяқталмай тұр екен. «Қазақстан үшін маңызды нысан болатын осы орталықтың құрылысы тіпті сотқа дейін жеткен. Онкологиялық ауруға шалдыққан адамдарға арналған бұл ядролық медицина орталығының құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Жоспар бойынша, құрылыс 2014 жылы аяқталауы керек еді. Құрылысты тоқтатып тұрған радиоактивті қалдықтарды шығаруна арналған арнайы канализация жүйесі. Мердігер бұл істі соңына дейін аяқтамаған» деп жазады басылым. Бұл туралы толығырақ газеттің бүгінгі санындағы «Браковая опухоль» атты мақаладан оқыңыздар.

Соңғы жаңалықтар