Кәсіпқойлар арасында триатлоннан жарыста қазақстандық екінші келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатында кәсіпқойлар арасындағы жарыс жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас жүлде ресейлік Иван Тутукинге бұйырды. Мәре сызығын екінші болып қазақстандық Макси Крят кессе, үздік үштікті украиналық Виктор Земцев түйіндеді.
Айта кетерлігі, жарыстарға 155 адам қатысып жатыр. Турнир 1,8 шақырымға жүзу, 90 шақырымға велосипедпен жарыс және 21,5 шақырымға жүгіру жарыстары бойынша өтті. Триатлон сайысына 19 команда қатысты. Әр командада 3 адамнан бар.