16:07, 18 Маусым 2023 | GMT +5
Kaspi банк ғимаратындағы оқиға: Қарулы адаммен келіссөз жүріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Kaspi банктің баспасөз қызметі Астанадағы банк ғимаратында қызметкерлерді ұстап отырған қарулы күдіктіге қатысты оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін», - деп мәлім етті банктің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды.




