Kaspi bank шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін халықаралық ұйымдардың бірінен ұзақ мерзімдік қаржы тартуға қол жеткізген

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Біз қазір ай сайын өз клиенттерімізге 20 мың несие береміз». Мұны Kaspi bank-нің басқарма төрағасы Михаил Ломадзе бүгін Алматыда БАҚ өкілдерімен болған кездесуде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы біз несиелендіру көлемін біршама ұлғайттық. Менің ойымша, банктер арасында ең жоғарғы өсу қарқыны бізде болды. Қазіргі таңда банк тұтыну несиесінде ең негізгі ойыншы боп отыр. Бұл даму үрдісін биыл одан ары жалғастырмақпыз», дейді М. Ломадзе. Оның айтуынша, таяуда олар халықаралық ұйымдардың бірімен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға ұзақ мерзімдік қаржы алу жөнінде келісім жасаған. Бұл туралы аталмыш банк енді осы аптада арнайы баспасөз мәлімдемесін таратуды жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар