12:54, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Kaspi bank таяуда рейтинг белгілейтін 3 агенттіктің бірінің қызметінен бас тартады - Михаил Ломтадзе
АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Standard & Poor's» агенттігі Kaspi bank-ке «ВВ-/В» және ұлттық шкала бойынша «kzA-» рейтингін берді.

Сарапшылардың пайымдауынша, банктің капиталы жеткілікті деңгейде теңбе-тең, дамуының бизнес моделі айқын және тәуекел менеджмент жүйесі, әсіресе банк үшін басым болып табылатын бөлшек бизнес бөлігінде үнемі жақсару әрі жетілу үстінде.
«Алынған жоғары рейтингтер біздің банктің тұрақтылығы мен сенімділігін растайды.Сондай-ақ қазақстандық банктердің арасында S&P агенттігінен жергілікті шкала бойынша ең жоғары рейтингін алғанымызға өте ризамыз. Бүгінгі таңда үш рейтинг агенттігі біздің банкке рейтинг белгілейді. Біз үшін екеуі де жеткілікті. Үшеуі астамшылық болар. Сондықтан жақын арада агенттіктердің бірінің қызметінен бас тартып, тек екеуін ғана қалдырамыз», - дейді банктің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.