20:07, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Каспий» ӘКК мен «Түпқараған» ЖШС бірігіп қызмет ету келісімшартына қол қойды
АҚТАУ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Каспий» ӘКК мен «Түпқараған» ЖШС «Форт-Шевченко қаласындағы темір-құйматас өнімдері зауыты» жобасы бойынша бірігіп қызмет ету келісімшартына қол қойды.

Жобаның мақсаты ? Маңғыстау облысындағы құрылыс нысандарын тауарлық құйматас өнімдерімен қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаның қуаты ? 40 000 текше метр құйматас және темірқұйматас өнімдерін өндіруге жетеді. Соның ішінде, 17 032-сі тауарлық құйматас, 7 280-і тапсырыс берушінің талабымен шығарылатын құрастырмалы темір-құйматас өнімдері. Жоба бойынша 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ онда жергілікті кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру қарастырылған. Бүгінгі таңда жобаның бизнес жоспары жасалып шықты. Цех ретінде тұрғызылар ғимараттың модулдік қалыбы, құйматастық желінің модульдік қалыбы және бірнеше техника алынып қойылған. Цехтың іргетасының құрылысы аяқталып, жабыны құрастырылуда. Зауытқа қажетті жабдықтарды лизингтік жүйе бойынша алу мәселесі шешілуде. Тараптар инвестициялық жобаны алдағы уақытта жүзеге асырумен айналысатын Басқару компаниясын құру туралы келісімге келді.