«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Түпқараған ауданындағы жобаларын жандандыра түспек

АҚТАУ. Қаңтардың 287-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Қызылөзен ауылының мәдениет үйінде «Қарағантүбек» ЖШС құрылтайшыларының жиналысы болып өтті.
None
None
Мұнда «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның активтерді басқару департаментінің директоры В.Гржегоржевский және И.Баймағамбетов қатысты. Жұмысын жандандыра түсу мақсатында «Қарағантүбек» ЖШС облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан алынып, «Каспий» ӘКК-ның құзырына берілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиналыста күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер талқыланды. Онда сөз алған «Каспий» ӘКК-ның активтерді басқару департаментінің директоры В.Гржегоржевский 2008 жылға 25 қарашадан бастап «Қарағантүбек» ЖШС директорының міндетін атқарып келген А.Шәріповті директор етіп тағайындауды ұсынып, тиісті қаулы қабылданды.«Бүгінгі серіктестіктің жалпы жиналысындағы келесі және ең негізгі мәселелердің бірі ? шаруашылықтың 2008 жылға арналған іс-қимылдарын қорытындылау, сондай-ақ 2009 жылы алда тұрған міндеттерді жоспарлау. Үстіміздегі жылы шаруашылық асыл тұқымды қаракүл қойы мен «Адай» тұқымдас асыл тұқымды жылқы өсіру бағытында айтарлықтай табыстарға жетті. Мәселен, осы бағытта шаруашылыққа жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге, ал республикалық бюджеттен 2 млн-нан астам қаржы бөлінген. Бұл қаржы шаруашылықты салық және т.б. көптеген бережақтарынан құтылуға айтарлықтай септігін тигізді», деді «Қарағантүбек» ЖШС директоры А.Шәріпов.Осыған орай тоқтала кететін мәселелер, 2008 жылдың қараша айында «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ «Қарағантүбек» ЖШС-ін екі жаңа автокөлікпен сондай-ақ, биылғы қысқа толық жететін 256 тонна арпа-жеммен қамтамасыз етті.Ұлттық компания кәсіпорынның алдына шешімін табады деген бірнеше жоспарлар ұсынды. Атап айтқанда: бірінші, серіктестік аумағындағы яғни, «Сәубет» егістігінде көлемі 2 га, құны 470 млн. теңге тұратын жылыжай құрылысын салу, сонымен қоса жеміс-жидек сақтайтын құны 200 млн. теңге тұратын қойма салып беру жоспарда бар. Аталған күрделі құрылыстардың бизнес-жоспарлары жасақталу үстінде.Келесі жобалардың бірі ? Қызылөзен ауылынан балық аулауды ұйымдастыру, соған қоса «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы осы ауылдан тоңазытқыш қондырғыларды орнату. Тағы да бір жайт, бұл ? серіктестікке келесі және одан кейінгі жылдарда мал басын көбейту, атап айтқанда 200 бас жас байтал жылқылар және мал тұқымын асылдандыру бағытында басқа облыстардан 500-ден 1000-ға дейін еділбай тұқымды қой сатып алып беру.
Соңғы жаңалықтар