Каспий құбырына жасалған шабуылды жақтаушылардың ісі қай сатыда – министрдің жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс депутатының сауалына берген жауапта әлеуметтік желіде Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылды жақтап пікір жазушылардың ісі қандай сатыда екенін айтты.

КҚК
Фото: Kazinform

 - 2025 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласының полиция департаменті белгісіз тұлғалардың әлеуметтік желіге мемлекет пен азаматтар үшін аса маңызды инфрақұрылымға жасалған шабуылды қолдаған пікір қалдыруы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша (Әлеуметтік, ұлттық алауыздықты өршіту) қылмыстық істі тіркеді. Жарияланымдар мен пікірлерге сот-психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жоғарыда аталған пікірлерді қалдырған белгісіз тұлғалардың кім екенін анықтау бағытында шаралар қабылдап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы аталған әрекеттерді Қылмыстық кодекстің 175-інші және 256-баптары бойынша саралауға негіз тапқан жоқ, - дейді Аида Балаева. 

Оның айтуынша, іс қазір Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов Каспий құбыр желісіне жасалған шабуылға қатысты жағымсыз пікір айтқандарға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар