Каспий теңізі күні құрметіне фотокөрме ашылды
АТЫРАУ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін БҰҰ ауқымында әрекет ететін ЮНЕП табиғат қорғау бағдарламасының бастамасымен бүкіл әлемде Каспий теңізі күні аталып өтеді.
Атырауда бұл оқиғаға орай аймақтағы танымал натуралист Федор Сараевтың фотокөрмесі ашылды.
Атырау облыстық өнер мұражайында ашылған көрмені «Глобус» экологиялық-құқықтық орталығы ұйымдастырылды. Оған автордың 100 таңдаулы фотосуреті қойылған, онда Каспий маңы аймағының өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі бейнеленген.
Федор Сараев көптен бері туған өлке табиғатын зерттеумен айналысып жүр, ол аймақтық өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі тақырыбында көптеген фотоматериалдарды, слайдтарды, коллекцияларды жинақтады.