Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш балықшының денесі табылды
АТЫРАУ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында іздестіру жұмыстары суда және әуеден жүргізілген үш балықшының денелері табылды.
28 мамыр күні төрт адам қайықпен теңізге шығып, үйлеріне оралмаған. Бір балықшының тағдыры әзірше белгісіз. Құтқарушылар, оның туысқандары мен достары іздеу шараларын жалғастыруда.
Балықшылардың ең үлкені 25 жаста, кішісі - 19-да еді. Олардың барлығы Атырауға жақын орналасқан Жұмыскер және Дамбы кенттерінің тұрғындары.