Каспий теңізіндегі су деңгейінің азаюы алаң тудыруда

БАКУ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Каспий маңындағы елдер мен Ресейдің гидрометеорологиялық қызметі ұсынған болжамдар негізіне сүйенсек, соңғы жылдары Каспий теңізінде су деңгейі артып емес, керісінше азайып келе жатқаны байқалады.
None
None

Бұл туралы журналистерге Әзірбайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық гидрометеорология департаменті директорының орынбасары Рза Махмудов мәлім етті.

«2010 жылы Каспий теңізіндегі су деңгейі 9 см-ге, 2011 жылы 20 см-ге азайған. Су деңгейінің азаю қауіпі алдағы жылдары да байқалуы мүмкін. Болжам бойынша 2014-2015 жылдары теңіздегі су 13-14 см-ге төмендейді», - деп атап өтті.

Осыған байланысты ол Каспий теңізінің экологиялық жағдайы әрдайым басты назарда болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар