16:50, 18 Қаңтар 2015 | GMT +5
Каспий теңізінің жағалауында 4,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні Гринвич бойынша сағат 23:02-де Түрікменстан елінің аумағында тербелісі 4,6 болған жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерортатеңіздік сейсмологиялық орталығының сайты хабарлады.
Жер сілкінісі Баку қаласынан (Әзербайжан) шығысқа қарай 259 шақырым жерде, Балқанабаттан (Түрікменстан) солтүстік-батысқа қарай 182 шақырымда, Түрікменбашыдан (Түрікменстан) солтүстікке қарай 76 шақырым жерде тіркелді.
Жер сілкінісі 40 шақырым тереңдікте болған.