Каспий теңізінде жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Азертадж.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетелік Техаста магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болған еді.