Каспий теңізіне қатысты экологиялық жобаға миллиондаған доллар бөлінеді

АҚТАУ. KAZINFORM – Дүниежүзілік банк Каспий теңізіне қатысты ірі экологиялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бұл мәліметті Ақтауда орналасқан Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының басшысы Серік Ахметов растады.

каспий
Фото: Аягөз Ізбасарова / Kazinform

Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан елдерінің «Каспийді көгалдандыру» деп аталатын жобасы теңіздің ластануымен күресіп, биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған. Ғаламдық экологиялық қор осы жобаны жүзеге асыру үшін 11,74 млн доллар көлемінде грант бөлетін болды.

Тағы 8,24 млн доллар қосымша қарастырылмақ.

Сондай-ақ, жобаны дайындауға 183 мың доллар көлемінде грант бөлу жоспарланған. 

Бұл бастама өңір елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға және Тегеран конвенциясы аясындағы міндеттемелерді орындауға бағытталған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Үкіметі Каспий теңізін зерттеу және сақтау үшін 1,1 млрд теңге бөлгенін жазған болатынбыз