19:40, 14 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауын мұз басты
Қатты аяздың салдарынан Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауын 2 сантиметрге дейін мұз басты. Ал төтеншеліктер адамның қауіпсіз қозғалысы үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керегін айтып, тұрғындарды мұздың үстіне шықпауға шақырды, деп хабарлайды Kazinform.

«2 саниметр мұз адамның салмағын көтере алмайды. Сондықтан мұзға жеке, топпен немесе көлікпен шығуға болмайды. Сондай-ақ балаларды теңіз жағалауына барғанда қараусыз қалдырмау керек», - делінген Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар мамандар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412 және 364-баптары бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертіп отыр.