Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Каспий теңізінің экологиялық мониторингіне арналған жаңа технология әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Әзірленіп жатқан жүйе мұнай ұңғымаларынан, сорғы станцияларынан, технологиялық жабдықтардың датчиктерінен, есепке алу құрылғыларынан және өнеркәсіптік инфрақұрылымның өзге де нысандарынан деректерді жинап, оларды беруге мүмкіндік береді. 

Каспий теңізінің экологиялық мониторингіне арналған жаңа технология әзірленіп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде жасанды интеллект, инженерлік әзірлемелер және технологиялық кәсіпкерлік экожүйесін қалыптастыруға бағытталған заманауи білім беру, ғылыми және технологиялық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Аталған бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі – Президент тапсырмасымен Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамашылық еткен AI-Sana ұлттық бағдарламасы. Бағдарлама жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамытуға, студенттер мен жас зерттеушілердің инновациялық жобаларын қолдауға, сондай-ақ экономиканың стратегиялық маңызды салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингіне арналған жаңа технология әзірленіп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазіргі уақытта мұнай-газ саласы нысандарын, өнеркәсіптік инфрақұрылым мен экологиялық жүйелерді қашықтан бақылауға арналған LoRaWAN технологиясын қолдайтын отандық бағдарламаланатын логикалық контроллер (PLC) әзірленіп жатыр. Бұл технология энергияны барынша үнемдей отырып, деректерді алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе өндірістік нысандары бір-бірінен едәуір қашық орналасқан Маңғыстау өңірі үшін аса өзекті.

Әзірленіп жатқан жүйе мұнай ұңғымаларынан, сорғы станцияларынан, технологиялық жабдықтардың датчиктерінен, есепке алу құрылғыларынан және өнеркәсіптік инфрақұрылымның өзге де нысандарынан деректерді жинап, оларды беруге мүмкіндік береді.

Жиналған ақпарат SCADA және технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелеріне (АСУ ТП) біріктіріліп, өндірістік үдерістерді нақты уақыт режимінде бақылауды қамтамасыз етеді.

Каспий теңізінің экологиялық мониторингіне арналған жаңа технология әзірленіп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әзірленіп жатқан жүйе тек өнеркәсіп саласында ғана емес, экологиялық мониторинг міндеттерін шешуде де қолдануға бағытталған.

Жобаның маңызды бағыттарының бірі – Каспий теңізінің экологиялық жай-күйін бақылау. LoRaWAN желісіне қосылған датчиктер судың температурасын, тұздылық деңгейін, рН көрсеткішін, лайлылығын және қоршаған ортаның басқа да параметрлерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық деректерді жедел жинау мен талдауды қамтамасыз етеді.

Аталған бастаманы іске асыру өңірдің мұнай-газ кешенін цифрландыруға, жоғары технологиялық өнімдердің отандық өндірісін дамытуға, импортты алмастыруға және Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетелік Каспий мәселелерін зерттейтін ғылыми филиал ашу ұсынылғаны туралы жазған едік