Каспий теңізінің қауіпсіздігін жағалаудағы мемлекеттер өздері қамтамасыз етуі тиіс — Иран елшісі

АСТАНА. KAZINFORM — Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті тек жағалаудағы мемлекеттер қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді. 

Али Акбар Джоукар
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Оның айтуынша, Каспий теңізіне шектес барлық мемлекет теңіздегі қауіпсіздікті өздері қамтамасыз ету жөнінде ортақ пікірде.

— Каспий өңірі бұл тұрғыда Парсы шығанағынан ерекшеленеді. Себебі Парсы шығанағында АҚШ-тың қатысуы бар және бұл аймақтағы елдердегі жағдайдың тұрақсыздануына ықпал етеді. Ал Каспий теңізінде жағалаудағы бес мемлекеттің бірлескен күш-жігерінің арқасында теңіздегі қауіпсіздік толық қамтамасыз етіліп отыр, — деді елші.

Сондай-ақ ол Каспий теңізі акваториясында басқа мемлекеттердің әскери қатысуына жол бермеу мәселесінде бес елдің ұстанымы ортақ екенін атап өтті.

Бұған дейін Али Акбар Джокуар Қазақстан үшін қазіргі уақытта ешқандай қауіп-қатер жоқ. Алайда болашақта Орталық Азия аймағы үшін белгілі бір қауіп төнуі мүмкін деген еді.