Каспий жағалауынан Қызыл кітапқа енген бірқазан өлі күйде табылды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан бірқазанның өлексесі табылды. Айта кетейік, аталған құс Қызыл кітапқа енгізілген.

пеликан
Фото: Данияр Әкімжановтың жеке мұрағатынан

Бұл туралы экобелсенді, «Qazaq Balyk» Республикалық балық шаруашылығы мен аквакультура қауымдастығының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Данияр Әкімжанов хабарлады.

п
Фото: Данияр Әкімжановтың жеке мұрағатынан

— Кеше, 18 наурызда, құзырлы органдармен бірге волонтерлер болып мониторингке шыққан болатынбыз. Мониторинг барысында Түпқараған ауданы аумағындағы жағалаудан бірқазан (пеликан) құсының өлексесі анықталды. Аталған құс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оқиға бойынша тиісті алгоритм сақталып, 102 нөміріне хабар беріліп, дерек ресми түрде тіркелді, — дейді Данияр Әкімжанов.

Бұған дейін, Маңғыстауда жағалаудан өлген аққулар табылған болатын.

Ал, соңғы төрт жылда аймақта 3 433 итбалық қырылды