Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны 533-ке жетті

АҚТАУ. KAZINFORM – Итбалықтардың жаппай қырылуы қазан айының соңында басталды. Содан бері инспекторлар күн сайын Каспий теңізінің жағалауынан өлген итбалықтарды анықтауда. Бүгінде 500-ден астам су жануарының ұшасы жиналып, жойылды.

қырылған итбалық
Фото: Kazinform

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Рудскийдің мәліметінше, кеше 7-қарашада кешке дейін тағы 200-ге жуық итбалықтың ұшасы жиналып, жою үшін полигонға жеткізілген.

Жалпы қазанның 24-29 аралығында жағалаудан 289 өлексе табылған.

қырылған итбалық
Фото: Kazinform

Ал, 4-5 қараша күндері 121 ұша анықталды. Енді соған тағы 195 өлген итбалық қосылып, барлығы 533 өлексе жойылды.

қырылған итбалық
Фото: Kazinform

Бұған дейін ихтиолог Әсел Баймұқанова итбалықтардың теңіздің солтүстік аумағына миграциясы кезінде қырылғанын айтқан болатын

 

Соңғы жаңалықтар