Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

"Kaспийбанк" ипотеканы қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды тоқтатты

АЛМАТЫ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кaspi bank ипотеканы қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтініш санының толуына байланысты өтініш қабылдауды тоқтатты,

"Kaспийбанк"  ипотеканы қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды тоқтатты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бағдарлама басталғалы бері Кaspi bank-ке 3,5 миллиард теңгелік 1 мың өтініш түскен. Ал «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан банкке 3 миллиард теңге бөлінген болатын. Банк қазірге дейін 2 миллиард теңгеден астам 615 өтінішті мақұлдаған.«Біз 3,5 миллиард теңгелік 1000-нан астам өтініш қабылдадық. Берілген несиелердің орташа көлемі 3,5 миллион теңге. Қазіргі кезде біз өтініш санының артығымен орындалуына орай, өтініш қабылдауды тоқтаттық және бағдарлама аясындағы барлық қаржыны 15 мамырға дейін игеріп боламыз», дейді банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.