Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Каспийдің бірқатар аумағында теңізге еркін шығуға рұқсат етіледі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 3 тамызда Каспий теңізі жағалауының бірқатар бөлігінде режимдік шектеулерді тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды.

Каспийдің бірқатар аумағында теңізге еркін шығуға рұқсат етіледі
Фото: ТЖМ

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі жағалауындағы мына аумақтарда режимдік шектеулер тоқтатылады:

  • Түпқараған мүйісінен Үрдік мүйісіне дейін;
  • Саура елді мекенінен Сағындық мүйісіне дейін;
  • Скалистый мүйісінен Песчаный мүйісіне дейін;
  • Песчаный мүйісінен Адамтас мүйісіне дейін.

Бұл шектеудің теңіз порттары, су алу арналары, газ терминалдары, теңіз дәліздері мен фарватерлер орналасқан аумақтарға қатысы жоқ.

Аталған аумақтарда теңізге екі мильге (шамамен 3,7 шақырым) дейін еркін шығуға және суға түсуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ демалыс, туризм және спорт үшін шағын көлемді кемелерді, суүсті және суасты көлік құралдарын, мұз үстінде жүретін құралдарды пайдалануға болады.

Бұйрық 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий жағалауында ТЖМ қызметкерлеріне арналған еліміздегі алғашқы демалыс орны ашылғаны хабарланды.