Кәсіпкер заңсыз тергелген жылдар үшін 40 млн теңге өндіріп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының соты үш жыл бойы қамауда және үйқамақта болған, кейін қылмыс құрамы болмағандықтан жабылған іс бойынша өңір тұрғынының өтінішін қанағаттандырды. Өндірілген қаржы 39,8 млн теңгені құрады.

 Орал қалалық соты бұрынғы төрағасының ісі Тасқалада қаралады
Фото: freepik.com

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағымданушы ЖШС-ның жетекшісі әрі шаруа қожалығының иесі материалдық шығынды, жоғалтқан жалақысын, моральдық зиянды өтеп алып, полиция қызметкерлерін БАҚ арқылы кешірім сұратқысы келген.

Айыптаушы ҚР Қаржы минстрлігі мен полиция департаменті болды.

Іс материалдары бойынша 2019 жылдың қазанында ел азаматына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мүлік ұрлады деген айып бойынша тергеу басталған. 2020 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың шілдесінде ол қамауда және үйқамақта болған.

Айыпталушы заңсыз қылмыстық қудалауға байланысты өзінің бизнесін жүргізе алмай, кірісінен айырылғанын айтқан. Ал оның ЖШС-сы 2021 жылы банкрот деп табылған.

Сонымен қатар 2023 жылы жер пайдалану құқығынан айырылған.

Бірінші деңгейдегі сот оның шағымын ішінара қанағаттандырды. Яғни адвокат қызметі үшін 14 млн теңге, жоғалтқан жалақысы үшін 16,8 млн теңге және моральдық зиян үшін 9 млн теңге өндіріп берді.

Осыған дейін Алматы әуежайында кепілге алу ісі бойынша сот қайта басталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар