Кәсіпқой бокс: Иван Дычконың кезекті қарсыласы анықталды
АСТАНА.KAZINFORM – Олимпиада ойындарының екі дүркін жұлдегері Иван Дычко маусым айында кәсіпқой реингке қайта оралады.
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы UFC басшысы Дана Уайт негізін қалаған Zuffa Boxing лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік алып отыр.
Кәсіпқой бокс кеші 6 маусым күні Англияның Bournemouth International Centre кешенінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы – жергілікті боксшы Харви Дайкс.
Айта кетерлігі, 35 жастағы Иван Дычко соңғы рет шаршы алаңда өткен жылы 13 қыркүйек америкалық боксшы Джермейн Франклинмен бокстасып, ұпай айырмашылығымен жеңіліп қалған болатын.
30 жастағы Харви Дайкс кәсіпқой мансабында 7 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында жеңіліп көрмеген.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен Иван Дычко ақпан айында Zuffa Boxing лигасымен келісімшартқа қол қойған болатын.