Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын Президент кубогындағы жеңісімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында жеңіске жеткен елордалық «Барыс» командасын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын Президент кубогындағы жеңісімен құттықтады

«Барыс хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогін ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-де.

Еске салайық, шайбалы хоккейден ҚР Президентінің Кубогына арналған10-шы халықаралық турнир елордада 7 тамыз күні басталды. «Барыс Арена» мұз айдынында жергілікті «Барыс» пен Қазан қаласының «Ак Барсы» арасындағы алғашқы матчты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып тамашалады.

Бүгін, 11 тамыз күні мерейтойлық турнир мәресіне жетті. Оның чемпионы Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс» командасы болды. Бұған дейінгі үш кездесуін де жеңіспен аяқтаған аталмыш клуб бүгін Ресейдің «Салават Юлаев» командасымен шеберлік байқасты.