Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!

Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем біріншілігін 4 алтын, 1 күміспен аяқтады.


Соңғы жаңалықтар
telegram