Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.