Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы автотұрақ мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автотұрақтар мен паркоматтар ұйымдастыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы автотұрақ мәселесін көтерді

«Елордада автотұрақтар мен паркоматтар ұйымдастыру мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты Елбасының да тапсырмасы болған еді. Бірақ, бұл мәселе әлі күнге шешілген жоқ. Сулы-жасыл желекте ғана ілкі автотұрақ аймағы құрылды. Мәселені шешу неліктен созылып кеткені, шынайы қиындық неде екені түсініксіз», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті елорданың үнемі ұлғайып келе жатқанын баса айтты.

«Сондықтан азаматтардың ұтқырлығы басым міндет болуы тиіс», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.