Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады

Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.