Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесін қорытындылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесін қорытындылады

«Біз шағын құрамда мұнан арғы ынтымақтастығымыздың ең өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамытудың басты басымдықтарын белгіледік», - деді Мемлекет басшысы кеңейтілген құрамдағы отырыста.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ТМД-ның коронавирус пандемиясынан кейінгі жүзбе-жүз форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті.

«Түптеп келгенде, бұл – біздің елордамызда тағы да жүздескен қуанышты оқиға», - деді ҚР Президенті.