Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.


Еске сала кетсек, Тунис Республикасының президенті Бежи Каид ас-Себси бейсенбі күні таңертең 92 жасында өмірден озды. Ол Тунисті 2014 жылдан бері басқарып келді.