Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: akorda.kz

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтетінін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар