Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Президент сапар барысында индустриалды кәсіпорындарды аралап көріп, өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысады.