Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қатар Батыс жағалаудағы израильдік қоныстанушылардың палестиналықтарға шабуылын айыптады

АСТАНА. KAZINFORM — Қатар оккупацияланған Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы палестиналық бейбіт тұрғындарға израильдік қоныстанушылардың шабуыл жасауын айыптап, халықаралық қауымдастықты палестиналықтарды қорғау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін шара қабылдауға шақырды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Қатар Батыс жағалаудағы израильдік қоныстанушылардың палестиналықтарға шабуылын айыптады
Фото: Анадолы

Қатар Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде израильдік қоныстанушылардың палестиналық бейбіт тұрғындарға, соның ішінде жүйелі түрде шабуыл жасауы халықаралық құқық пен халықаралық заңдылық қағидаттарына қайшы келетіні айтылған.

Мәлімдемеде бұл шабуылдар палестиналықтарға қарсы жасалып жатқан ауыр қылмыстардың жалғасы екені атап өтілді.

Сондай-ақ Израиль үкіметі армия мен қауіпсіздік күштерінің қорғауындағы қоныстанушылардың шабуылдарын күшейтуге жағдай жасап отырғаны айтылған.

Қатар халықаралық қауымдастықты палестиналықтарды қорғау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін шұғыл шара қабылдауға шақырды.

Мәлімдемеде Қатардың Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы өзгермегені атап өтілді. Доха палестиналықтардың заңды құқықтарын қорғауды және астанасы Шығыс Иерусалим болатын, 1967 жылғы шекаралар негізінде тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның халал сертификаты Қатарда ресми танылды.