Катар энергетика министрі мұнайдың нақты бағасы барреліне 40-50 доллардың маңында болуы тиіс деп санайды
ДОХА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мұнайдың нақты бағасы барреліне 40-50 доллардың маңында болуы тиіс. Дохадағы халықаралық энергетикалық форумда Катар энергетика және өнеркәсіп министрі Абдулла әл-Аттия осындай пікір білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Ол 2010 жылы дағдарыс бәсеңдеп, әлемдік экономика өсімін қалпына келтіреді деп үміттенеді.Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 13-індегі сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы жетекші мұнай биржаларында едәуір төмендеді. Алдағы айларға мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондонда ? IPE Brent Crude мұнайының баррелі 52,14 (-1,92) долларды құрап, Нью-Йоркте ? Light, Sweet Crude Oil мұнайы ? 50,05 (-2,19) доллар болды.