Қатарда бұрынғы әмірдің қазасына байланысты төрт күндік аза тұту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Қатарда бұрынғы әмір шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің қайтыс болуына байланысты төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды QNA.
Қатар Әмірінің кеңсесінің мәліметінше, жалпыұлттық аза тұту 2026 жылғы 12 шілдеден басталады.
Осыған байланысты 13 шілдеден бастап елдегі барлық министрлік, мемлекеттік мекеме мен ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылады. Қызметкерлер жұмысқа 19 шілде, жексенбі күні қайта оралады.
Аза тұту күндері Қатар аумағындағы барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.
Осыған дейін Қатардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тани қайтыс болғаны туралы жаздық.