Қатарда шөлге төзімді су сақтау жобалары іске қосылмақ

ДОХА. KAZINFORM — Қатарда шөл далада су ресурстарын сақтау бойынша жаңа климатқа төзімді бастамалар жүзеге асырылмақшы. Media City ұйымымен бірлесе отырып, шөлді әрі құрғақ климат ескеріліп, су ресурстарын сақтау бойынша инновациялық климатқа төзімді бастамалар қолға алынып отыр, деп жазды Euronews.

Қатарда шөлге төзімді су сақтау жобалары іске қосылмақ
Фото: Pixabay.com

Екі қатарлық экотехнологиялық компания аспаннан ылғал жинап, одан су өндіру технологиясын қолданбақшы: біреуі — адамдардың шөлін қандыруға арналған, ал екіншісі — ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған су өндіреді.

Qatar 365 бағдарламасының жаңа шығарылымында Қатардағы тұрақты даму бағытындағы бастамалар мен тәжірибелер талқыланды. Бағдарлама жүргізушісі Адель Халим Бангладештің уақытша көшбасшысы, Нобель сыйлығының лауреаты профессор Мұхаммед Юнуспен сұхбаттасып, ғаламшарды қорғауға бағытталған жаһандық әрекеттердің не себепті сәтсіздікке ұшырап жатқанын талқылады.

Сондай-ақ бағдарлама тобы ConocoPhillips компаниясының Ғаламдық су ресурстарын тұрақты дамыту орталығына барды. Джоанна Хоес екі экотехнологиялық компанияны — Skydrops пен агротехнологиялық стартап VFarms-ты аралап шықты. Бұл компаниялар жергілікті жерде «ақылды» су мен азық-түлік шешімдерін ұсынады.

Еске сала кетейік, Қатардың Power International Holding (PIH) компаниясы Astana Hub халықаралық технопаркіне тіркелді. Алпауыт холдинг өзіне тиесілі цифрлық шешімдерді Астанадағы стартап алаңында іске асыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар