Қатардағы зауытта жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жарылыс Доха қаласының солтүстік-шығысындағы Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде болды, деп хабарлайды Report.

Қатардағы зауытта жарылыс болды
Фото: Report

Бұл туралы Қатар Ішкі істер министрлігі жариялады.

Аталған аумақта Қатардың сұйытылған табиғи газ өндіретін негізгі нысандары орналасқан. Мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

— Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағындағы зауыттардың бірінде жергілікті сипаттағы жарылыс болды. Азаматтық қорғаныс күштері оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер мен газдың немесе басқа заттардың сыртқа шығу фактілері тіркелген жоқ, — делінген ведомство мәлімдемесінде.

Ал ТАСС агенттігінің мәліметінше, зауыттағы жарылыстан бірнеше адам зардап шеккен. 

Айта кетейік, Өзбекстанда жанармай бекетінде болған жарылыстан 6 адам қаза тапты.