«Қатарымызды «погонды қылмыскерлерден» тазарту үдерісі жүріп жатыр» - Жамбыл облыстық ІІД бастығы Бекет Аймағамбетов

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбылдық полицейлер қоғамдық резонансқа ие болған бірқатар аса ауыр қылмыстарға жол беріп отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін, қазанның 4-і күні Ішкі істер департаментінде өткен кеңесте облыстың бас полицейі полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов мәлім етті.

Атап айтқанда, өткен айда Таразда үш адамның өлтірілу фактісі бойынша жүргізілген тергеу барысында кейбір қызметкерлер өз міндеттеріне тым салғырттықпен қараған. Нәтижесінде, қарулы қылмыскер жекеменшік таксимен Жуалы ауданындағы блок-бекетінен еш кедергісіз өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында бой тасалаған. Соның салдарынан қылмыскерді іздеу қиындай түсті, дейді полиция полковнигі.

Жуалы аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы өз қарамағындағы қызметкерлерін лайықты бақылай алмағаны үшін сөгіс алды. «Ең өкініштісі сол, біреулер қылмыстың бетін ашып жатқан кезде, келесі біреулер пара алумен айналысып жатады», - деп мәлім етті Б. Аймағамбетов өз сөзінде.

Полковниктің айтуынша, қыркүйектің 25-інде «Салтанат» ықшамауданында қаржы полициясы мен ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған азаматты қылмыстық жауапқа тартпағаны үшін 40 мың теңге пара алған №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерін ұстап, абақтыға жапқан.

Қыркүйектің 26-сында жедел-іздеу шаралары кезінде кәсіби қырсыздықтарынан қауіпті қылмыскерлерді уыстарынан шығарып алған Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің атына да сын айтылды. «Қатарымызды сатқындардан және «погонды қылмыскерлерден» тазарту үдерісі жүріп жатыр. Бұл қағаз бетінде қалатын науқан емес. Мұндай фактілерді жасырып қалуға болмайды, себебі біз заңды, адамдарды қорғауымыз керек»,- деп түйіндеді өз сөзін Б.Аймағамбетов.

Аталған барлық фактілер бойынша комиссиялық қызметтік тексерулер тағайындалып отыр.

Соңғы жаңалықтар