Қатерлі ісікке шалдықсаң - Килиманджаро тауына көтеріл, ауруды жеңесің, дейді оңтүстікафрикалық мамандар
Жақында Африканың ең биік шыңы саналатын - Климанджаро тауына көтерілген оңтүстікафрикалық топ Танзаниядан оралды. Осынау сапардың арқасында, топ мүшелерінің бірі - кәсіпкер Лайонел Гринберг Ходжкин лимфа сырқатын жеңе алған. Жиһанкездерді тауға тәжірибелі альпинист Робби Коетин алып барған.
«Тауға көтерілу - қатерлі ісікті емдеумен барабар. Жүріп келе жатқан үлкен жолдың тек алдыңдағы оншақты метр бөлігін ғана көресің, сенің назарың сол тар соқпаққа ғана түседі. Бұл химиялық терапия кезіндегідей, қиналу, шаршау арқылы өткен кезде, төңіректегінің бәрін ұмытасың. Тауды бағындыра отырып, сен өзіңді бағындыруың керек - қатерлі ісікті емдеген кезде де солай, оны бастан кешіру емес, жеңу керек», дейді альпинист.
Робби Коетиннің пікірінше, Климанджаро Эверест сияқты биік болмағанымен, онда климатқа бейімделуге уақыт аз кетеді екен. Себебі онда шыңға тезірек көтерілесің - тәулігіне 1 мың метрді бағындырып отырасың, дейді оңтүстікафрикалықтардың ішінде Эвересті 17-ші болып бағындырған спортшы. Робби Коетин.