Қатты жел соғып тұр, жол көрінбейді: Көлік министрлігі ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды

Көлік министрлігінің ахуалдық орталығында Түркістан және Жамбыл облыстарындағы күн райы жағдайына байланысты жедел штаб құрылды.

көлік кептелісі
Фото: "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта жолдың көрінбеуіне және секундына 43 метрге дейін жылдамдықпен жел соғуына байланысты Машаттан Шақпақ бабаға дейін жол жүру қиындай түсті.

Жол саласы мамандары тазалау жұмыстарымен айналысып жатыр, алайда жолдың көрінбеуіне байланысты бұл жұмыс қиынға соғуда. Жамбыл облысынан Шымкент қаласына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды. Соның салдарынан көліктер жиналып жатыр. Жергілікті органдар төтенше жағдайлар, жол полициясы және жол қызметтерімен бірлесіп, жүргізушілер мен жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырды.

«Шақпақ баба учаскесінде 35-ке жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылып, жылыту пункттеріне жіберілді. Ауа-райы болжамы бойынша күн келесі күні ғана оңала түседі. Автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы елді мекендерден, соның ішінде ірі қалалардан сапарға шығудан бас тартуды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар